hit counter script
Download Print this page

Mitsubishi Electric MSZ-EF18VGW Operating Instructions Manual page 37

Split-type air conditioners indoor unit
Hide thumbs Also See for MSZ-EF18VGW:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қ
АУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Орнату үшін
ЕСКЕРТУ
Ауа салқындатқышты орнату туралы дилерге хабарласыңыз.
Арнайы білім мен біліктілікті қажет ететіндіктен, оны пайдаланушы
орнатпауы керек. Ауа салқындатқыш дұрыс орнатылмаса, судың
ағуына, өртке немесе токтың соғуына əкелуі мүмкін.
Ауа салқындатқышқа арнайы қуат көзін қамтамасыз етіңіз.
Арнайы емес қуат көзі қызып кетуге немесе өртке əкелуі мүмкін.
Жабдықты тұтанғыш газ шығатын жерге орнатпаңыз.
Егер газ шықса, ол сыртқы жабдықта жиналып, жарылысқа əкелуі
мүмкін.
Жабдықты жерге дұрыс тұйықтаңыз.
Жерге тұйықтау сымын газ құбырына, су құбырына, найзағай
тартқышқа немесе телефонның жерге тұйықтау сымына жалғамаңыз.
Дұрыс емес жерге тұйықтау ток соғуға əкелуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
Жерге ағу ажыратқышын ауа салқындатқыш орнатылатын орынға
сəйкес орнатыңыз (мысалы, жоғары ылғалдылықты аймақтар).
Егер жерге ағу ажыратқышы орнатылмаса, ол ток соғуға əкелуі
мүмкін.
Ағызу суы дұрыс ағатынын тексеріңіз.
Егер ағызу арнасы дұрыс емес болса, су ішкі/сыртқы жабдықтан
тамып, жиһазды ылғалдауы немесе зақымдауы мүмкін.
Қалыпты емес жағдай болғанда
Ауа салқындатқышты пайдалануды дереу тоқтатып, дилерге хабарласыңыз.
У
ТИЛИЗАЦИЯЛАУ
Бұл өнімді утилизациялау үшін дилерге хабарласыңыз.
Ескертпе:
Бұл таңба белгісі тек ЕО елдеріне арналған.
Бұл таңба белгісі 2012/19/ЕО директивасының
14-бабына, пайдаланушыларға арналған
ақпарат жəне IX қосымшасына жəне/немесе
2006/66/ЕО директивасының 20-бабына, соңғы
пайдаланушыларға арналған ақпарат жəне II
Fig. 1
қосымшасына сəйкес келеді.
Wi-Fi интерфейсі үшін
ЕСКЕРТУ
(Дұрыс қолданбау ауыр жарақатты немесе өлімді қоса, ауыр жағдайларға
əкелуі мүмкін.)
Егер қауіпсіздікке жауапты тұлғаның бақылауында болса немесе
одан құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқау алған болса, бұл
құрылғыны 8 жастан асқан балалар жəне физикалық, сезу немесе
ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Балалар бақылаусыз
тазалау жəне пайдаланушылық техникалық қызмет көрсету
əрекеттерін орындамауы керек.
Wi-Fi интерфейсін медициналық электрлік жабдықтың
немесе жүрекширатқышы не имплантталатын кардиовертер-
дефибриллятор сияқты медициналық құрылғысы бар
адамдардың қасында пайдаланбаңыз.
Бұл медициналық жабдықтың немесе құрылғының ақаулануы
себебінен қайғылы жағдайға əкелуі мүмкін.
Wi-Fi интерфейсін автоматты есіктер немесе өрт дабылдары
сияқты автоматты басқару құрылғыларының қасына орнатпаңыз.
Бұл ақаулар себебінен қайғылы жағдайларға əкелуі мүмкін.
Wi-Fi интерфейсін су қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғының зақымдалуына, ток соғуға немесе өртке əкелуі
мүмкін.
Wi-Fi интерфейсіне су шашыратпаңыз немесе оны жуыну
бөлмесінде пайдаланбаңыз.
Бұл құрылғының зақымдалуына, ток соғуға немесе өртке əкелуі
мүмкін.
Wi-Fi интерфейсі құлағанда немесе ұстағыш не кабель
зақымдалғанда, қуат көзінің ашасын ажыратыңыз немесе
ажыратқышты ӨШІРІҢІЗ.
Ол өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда дилермен кеңесіңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
(Дұрыс қолданбау жарақаттануды немесе ғимараттың зақымдалуын қоса,
ауыр жағдайларға əкелуі мүмкін.)
Wi-Fi интерфейсін орнату немесе тазалау үшін тұрақсыз сатыға
шықпаңыз.
Егер құлап кетсеңіз, ол жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Wi-Fi интерфейсін басқа сымсыз құрылғылардың, қысқа
толқынды пештердің, сымсыз телефондардың немесе факс
құрылғыларының қасында пайдаланбаңыз.
Бұл ақаулықтарға əкелуі мүмкін.
MITSUBISHI ELECTRIC өнімі қайта өңдеуге жəне/немесе қайта пайдалануға
болатын сапасы жоғары материалдармен жəне компоненттермен жобаланып
өндірілген.
Бұл таңба электрлік жəне электрондық жабдық, батареялар мен
аккумуляторлар мерзімі біткенде тұрмыстық қоқыстан бөлек утилизациялануы
керектігін білдіреді.
Егер таңбаның астында таңба (Fig. 1) басылса, бұл химиялық таңба
батареяда немесе аккумуляторда белгілі бір концентрациядағы ауыр
металл бар екенін білдіреді. Бұл келесідей көрсетіледі:
Hg: сынап (0,0005%), Cd: кадмий (0,002%), Pb: қорғасын (0,004%)
Еуропалық Одақта пайдаланылған электрлік жəне электрондық өнімдер,
батареялар мен аккумуляторлар үшін бөлек жинау жүйесі бар.
Осы жабдықты, батареяларды жəне аккумуляторларды жергілікті қоқыс
жинау/қайта өңдеу орталығында утилизациялаңыз.
Біз тұратын қоршаған ортаны сақтауға көмектесіңіз!
KK
KK-3

Advertisement

loading